Онлайн-несие ауылға да жетті

0
2 208

Өзін-өзі еңбекпен қамтыған халық үшін жалғыз мүмкіндік – банктен тыс қаржыландыру көзі. Бұдан былай Ақтау, Қарағанды және Орал қаласының тұрғындары үйінен шықпай-ақ, Solva.kz баламалы несиелеу сервисінен онлайн-несие рәсімдей алады.


Онлайн-несие ауылға да жетті

Қазақстанның түкпір-түкпірінде шағын бизнестің белсенді түрде дамуына қарамастан, кәсіпкерлер несие рәсімдеу мәселесінде көптеген кедергілерге тап болады. Содан қаржы жетіспеушілігі орын алады. Өзін-өзі еңбекпен қамтыған халық үшін жалғыз мүмкіндік – банктен тыс қаржыландыру көзі. Бұдан былай Ақтау, Қарағанды және Орал қаласының тұрғындары үйінен шықпай-ақ, Solva.kz баламалы несиелеу сервисінен онлайн-несие рәсімдей алады. Несие алуға көп уақыт және көп құжат керек емес. Мұның бәрін үйден шықпай-ақ, онлайн режимде жасауға болады, оған керегі – тек қана жеке куәлік. Сосын курьер көрсетілген мекенжайға дайын келісімшартты жеткізіп береді.

Ұлттық экономика министрлігінің ресми мәліметтеріне жүгінсек, 2017 жылдың ІІІ тоқсанында 18 миллион қазақстандықтың ішінде 9 миллионы – экономикалық белсенді халық екен, оның ішінде еңбекпен қамтылғаны – 8,5 миллион, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үлесі – 2,1 миллион, ал өзін-өзі өнімсіз еңбекпен қамтушылар – 275 мың адам.

Соған қарамастан, 2017 жылдың ІІІ тоқсанының соңында микронесиелердің жиынтық көлемі бір жылда 67,6%-ға көбейіп, 150,6 млрд теңгені құрады. Салыстырып көрсек, осы уақыт аралығында ҚР шағын бизнеске берілген банк несиелері бар болғаны 12 %-ға өскен.

Одан бір жыл бұрын МҚҰ-ның несие портфелінің жылдық өсімі 54,3%, ал шағын бизнеске берілген банк несиесінің жылдық өсімі – 57,8% болатын. Ауыл халқы өз кәсібін қаржыландырайын десе, несие ресурстары қолжетімсіз. Аймақтағы банктер қала халқымен жұмыс істегенді дұрыс көреді (банк портфелінде ауылға арналған жекелеген несие түрі жоқ).

Қазақстанның микроқаржы ұйымдары Қауымдастығының (ҚМҚҰҚ) мәліметінше, Қазақстанда Алматы, Астана және Оңтүстік Қазақстан облысында шоғырланған банктік емес сектордың 150 ұйымы жұмыс істеп тұр. Бірақ еліміздің өзге өңірлерінде халықтың баламалы несие түрлеріне деген қолжетімділігі өте қиын жағдайда. Осыған байланысты, бизнесті дамытуға несие алуда қиындықтар пайда болады.

«Solva қаржылық технологиялық компаниясы Қазақстан аумағындағы белсенді ауқымды жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі таңда Қарағанды, Орал және Ақтау тұрғындары баламалы несиелеу жаңа сервисінің қызметтерін пайдалана алады. Solva даму стратегиясы бойынша, ағымдағы жылдың соңына қарай компания қызметтерін еліміздің барлық аймақтарында қолдануға болады. Біздің клиенттердің басым бөлігі онлайн режимде бірінші рет несие алып отыр, сондықтан біз алғашқы тәжірибе ойдағыдай болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз. Бізде жасырын комиссия мен қосымша төлемдер жоқ, ал төлемақыны төлеуге бірнеше күн қалғанда ескерту үшін хабарлама жіберіледі», - деп атап өтті Solva.kz сервисінің басқарушы директоры Алина Дзоекаева.