1-2 жылдан кейін вакцинациялау қайта жүргізілуі мүмкін

0
2 283

​Бұл шара адам иммунитеті мен ағзасындағы антиденелер деңгейіне байланысты қабылданады.


1-2 жылдан кейін вакцинациялау қайта жүргізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзель осылай деп мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

«Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі – 1-2 жылдан кейін қайта вакцинация бола ма? Бұл өте қиын сауал. Көптеген вирустарға ревакциянация жүргізілетінін жақсы білесіздер. Мәселен, қызылша ауруына қайта вакцинация жасалады. Мұның барлығы вирус құрылымына байланысты. Соған сәйкес 1 немесе 2 жылдан кейін қайта вакцинация жүргізілуі мүмкін. Бірақ бұл халықтың ағзасындағы антиденелер мен жасушаларындағы иммунитетке байланысты қабылданатын шешім», – деді маман.