1 баладан КВИ анықталса сыныптағы барлық оқушы мен мұғалім ПТР тест тапсырады

0
1 196

Денсаулық сақтау вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында сауалдарға жауап берді.


1 баладан КВИ анықталса сыныптағы барлық оқушы мен мұғалім ПТР тест тапсырады

ERNUR.KZ. 1 баладан КВИ анықталса сыныптағы барлық оқушы және мұғалімдер ПТР тест тапсырады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау вице-министріне «Бір сыныпта бір бала вирус жұқтырса, барлық оқушы мен мұғалімдер ПТР тест тапсыруы қажет пе?» деген сауал қойылған еді.

«Иә, ол бала байланыста болғандықтан барлығы да ПТР тестін тапсыруы тиіс»,- деп жауап берді Ажар Ғиният.