1 қазаннан бастап дәрігерлерге коронавирус үшін үстемеақы төленбейді

0
350

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне психоэмоционалдық төлем жасайды.


1 қазаннан бастап дәрігерлерге коронавирус үшін үстемеақы төленбейді

ERNUR.KZ. Президент қатысуымен өткен жиында премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қазаннан бастап дәрігерлерге "ковидтік" үстемеақы төленбейтінін айтты, деп жазады Stan.kz.

"Тамыз-қыркүйек айларында 50% төленеді. Бұл жүйенің орнына 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлерін қолдаудың өзге шаралары енгізіледі. Олар елдегі эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмайды" – дейді ол.

Тоғжановтың айтуынша, дәрігерлерге қаржылық қолдау өткен жылдың наурыз айынан бері көрсетіліп жатыр. Қазігі уақытқа дейін 229 миллиард теңге төленді.

Сұраныс жоғары бағыттағы медицина қызметкерлерінің жалақысы 9 санат бойынша көтеріледі. Әзірге әлі есептеліп жатыр. Бұл мақсатқа шамамен 14 миллиард теңге қажет болады.

Маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ковидтік" үстемеақыға бюджеттен тағы 71,5 миллирд теңге бөлінетінін мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлеріне психоэмоционалдық төлем жасайды.