1 сәуірде Қазақстан мектептері оқушыларға сынама сабақ өткізеді

0
1 528

Мұғалімдер балалардың жүйеге қалай қосылғанын тексереді.


1 сәуірде Қазақстан мектептері оқушыларға сынама сабақ өткізеді

ERNUR.KZ. Қазақстанның барлық мектептері қашықтан оқыту бойынша сынама сабақ өткізеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

«1 сәуірде еліміздің барлық мектептерінде сынама жүргізіп, мұғалімдер балалардың жүйеге қалай қосылғанын тексереді. Бейсенбі күні - 2 сәуірде ата-ана жиналысын өткізіп, жүйеге қосылуды, балалар жұмысын дұрыс ұйымдастыруды үйретеміз», - деді министр.

3 сәуір - жұма күні оқушылармен сынып сағаттары жүргізіледі. Онда да балаларға тиісті ақпарат беріліп, қашықтан оқу форматы туралы барлық сұрақтарға жауап беріледі.

«Осылайша, 6 сәуірде мектеп те, ата-ана да, құрылғылар да қашықтан білім беруге дайын болуы керек», - деді А. Аймағамбетов.