1 шілдеден бастап әлеуметтік қызметкерлер аттестациядан өтетін болады

0
462

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.


1 шілдеден бастап әлеуметтік қызметкерлер аттестациядан өтетін болады

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау бағдарламасын бекіту туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Оған сәйкес, аттестаттау екі бағдарламадан тұрады: міндетті, мерзімінен бұрын аттестаттау.

"Міндетті аттестаттау әлеуметтік қызметкерлердің тиісті біліктілігін арттыру мақсатында өткізіледі. Мерзімінен бұрын аттестаттау - әлеуметтік қызметкерлердің тиісті біліктілік санатын белгілейді. Тестілеу әлеуметтік қызметкерлердің таңдаған тілі бойынша жүргізіледі: міндетті аттестаттау – 60 сұрақ, мерзімінен бұрын аттестаттау – 80 сұрақ", - делінген құжатта.

Әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау келесі нормативтік-құқықтық актілерді білуге арналған тестілеу жолымен жүргізіледі:

  • Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер үшін: Қазақстан Республикасының Конституциясы; "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі; "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңы; "Бала құқықтары туралы" заңы.
  • Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар үшін: Қазақстан Республикасының Конституциясы; "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі; "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңы; "Бала құқықтары туралы" заңы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңы.
  • Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар үшін: Қазақстан Республикасының Конституциясы; "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі; "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңы; "Бала құқықтары туралы" заңы; "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" заңы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңы.
  • Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер үшін: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
  • Психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер үшін: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі; "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңы; "Бала құқықтары туралы" заң.

Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі деп көрсетілген.

Құжатты көпшілік талқылау 1 маусымға дейін жалғаспақ.