​1-сыныпқа 6 жасқа толмаған балалар да қабылданады

0
3 020

2018 жылы 6 жасқа толатын балалардың бәрі де бірінші сыныпқа бара алады.


​1-сыныпқа 6 жасқа толмаған балалар да қабылданады


фото today.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері балаларды мектепке қабылдауға қатысты жаңа ережелер туралы айтып берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, жаңа ережелерге сәйкес, осы күнтізбелік жылдың соңына дейін жасы 6-ға толатын балалар дайындық деңгейіне қарамастан, 1-сыныпқа бара алады.

"Осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында жасы 6-ға толатын балалардың барлығының мектепке баруға құқығы бар", - деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдары баланы қабылдаудан бас тартқан жағдайда ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің мекенжай бойынша жергілікті білім беру басқармасына хабарласа алатыны айтылады. Айта кетейік, биыл балалар 1-сыныпқа түсу үшін 1 маусым-30 тамыз аралығында өтініш қалдыра алады.

Мұнымен қоса, министрліктегілердің айтуынша, биыл мектепке қабылдауға қажетті құжаттардың тізімінен баланың мекенжайы жөнінде анықтама алынып тасталды.