​1 типті қант диабетімен ауыратындар инсулин помпаларымен тегін қамтылады – ДСМ

0
1 494

2019 жылы 1 мен 18 жас аралығындағы 1-ші типті қант диабетімен ауыратын пациенттер сомасы 180 миллиннан аса теңгеге инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз етілетін болады.


​1 типті қант диабетімен ауыратындар инсулин помпаларымен тегін қамтылады – ДСМ

ERNUR.KZ. 2019 жылы 1 мен 18 жас аралығындағы 1-ші типті қант диабетімен ауыратын пациенттер сомасы 180 миллиннан аса теңгеге инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз етілетін болады, деп жазады Baq.kz.

Айта кетейік, 2012 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте бірінші рет 1 мен 18 жас аралығындағы 1-ші типті қант диабетімен ауратын пациенттердің сырқаттарды емдеудің инновациялық әдісі – помпалық инсулин терапиясына қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Ал, 2012 және 2016 жылдар аралығында Қазақстанда помпалық инсулин терапиясына қолжетімдікті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде еліміздің 1400 жас пациенті алды.

6 жыл бойы инсулин помпалары мен олардың шығындау материалдарын жеткізуші Медтроник компаниясы болып табылады. Осы уақыттар аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен компания денсаулық сақтау мамандары үшін көптеген білім беру іс-шараларын өткізді, 400-ден аса эндокринолог, педиатр және терапевт дәрігер оқып шықты. Медтроник компаниясы Қазақстанның барлық өңірлік орталықтарында помпалық инсулин терапиясы кабинеттерін ашуға көмектесті, осы кабинеттерді денсаулық сақтау мамандарына терапияның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге көмектесетін ұйымдастыру техникасымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен қамтамасыз етті.

«2019 жылы еліміздің 1 мен 18 жас аралығындағы 1-ші типті қант диабетімен ауыратын жас пациенттері үшін сомасы 180 миллионнан аса теңгеге 352 помпа жеткізу жоспарлануда», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Инсулин помпаларын пайдаланатын пациенттердің барлығы қазіргі кезде компанияның техникалық қызметіне тәулік бойғы тегін қолжетімдікке ие.

Бұдан басқа, компания пациенттерді медициналық бұйымды орнату сәтінен бастап 4 жыл бойы кепілді қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді.

2012 және 2017 жылдар аралығында помпаларды жеткізу бағасы әрбір помпаға 500 мыңнан аса теңге бойынша жүргізілді, оған қоса шығындау материалдарының жылдық жинағы, ол мемлекетке жыл сайын бағасы 500 мыңнан аса теңгеден келеді.

2018 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Медтроник Казахстан» ЖШС 1-ші типті қант диабетімен ауыратын балалар үшін помпаларды өтеусіз негізде жеткізу туралы келісімге отырды. Бүгінгі таңда компания «СК-Фармация» ЖШС мекенжайына 180-нен аса инсулин помпасын жеткізді, бұл мемлекетке тек 2018 жылдың өзінде 90 миллионнан аса теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, компания кепілдік мерзімі өткен және істен шыққан помпаларды ауыстыру бойынша міндеттеме қабылдады. Осындай помпаларды ауыстыру да өтеусіз негізде жүргізілетін болады.