10 адамды өлтірген алматылық өмір бойына бас бостандығынан айырылды

0
633

Жазасын "Қара бүркіт" қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеген.


10 адамды өлтірген алматылық өмір бойына бас бостандығынан айырылды

ERNUR.KZ. Алматыда 10 адамды өлтірді деп айыпталған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Сот мәліметінше, ер адам 2013 жылы сегіз адамды өлтіргені үшін айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Жазасын "Қара бүркіт" қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеген.

"2001 жылдың күзінде С. жәбірленушілер Б. мен К.-ға олардың пәтерлерін иемдену мақсатында сенімін пайдаланған. 2001 жылдың қазан айында ол өзіне және Б.-ға сенім артқан азаматтарды жалға алған үйге шақырып, онда ол басқа адамдармен бірге оларды өлтірген. Кейіннен сотталушы мен тағы басқа адамдар меншік құқығының құжаттарын иемденіп, жалған сенімхаттар арқалы пәтерлерді сатқан", - делінген соттың хабарламасында.

Алқабилердің шешімімен cотталушы Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігі, "а, ж, з" тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.