10 айлық сәбиін аяусыз ұрып-соққан павлодарлық келіншектің әрекеті видеоға түсіп қалды

0
328

​Баланың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр, олардың ең кішісі 10 айлық.


10 айлық сәбиін аяусыз ұрып-соққан павлодарлық келіншектің әрекеті видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Павлодарда үйдің кіреберісінде 10 айлық баланы анасы ұрып-соқты, деп жазады sputnik.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып, үлкен резонанс тудырды. Кейбір қолданушылар әйелді ата-ана құқығынан айыруға шақырса, басқалары жас ана босанғаннан кейінгі депрессияға ұшырауы мүмкін екенін айтып жатыр. Енді біреулер видеодағы әйел шынымен де нәрестенің анасы екеніне күмәнданды.



Павлодар облыстық полиция департаменті оқиғаға түсініктеме берді. Факт Павлодар полициясының Солтүстік бөлімінде тіркелгені аталып өтті. 32 жастағы әйел баланың анасы екендігі анықталды.

Қала тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап ірі көлемде айыппұл салуды, қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 40 тәулікке қамауға алуды қарастырады.

Қажетті сараптама тағайындалды.

Баланы дәрігерлер қарады. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, нәресте ауруханада жатыр.

Анасы 14, 12 жастағы және 10 айлық үш кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырғаны анықталды.