​1000-нан астам павлодарлық бүлдіршін тегін тамақтанумен қамтылды

0
979

Nur Otan партиясының «Халыққа көмек» жобасы аясында «Бірыңғай әлеуметтік терезе» акциясы басталды.


​1000-нан астам павлодарлық бүлдіршін тегін тамақтанумен қамтылды

ERNUR.KZ. Бүгінннен бастап Ертіс өңіріндегі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің әлжуаз топқа жататын отбасылардың балалары үшін әлеуметтік қолдау шаралары іске қосылды, деп жазады BAQ.KZ

Әлеуметтік қолдаудағы жаңашылдық облыс орталығындағы 64 балабақша мен 21 шағын орталықта енгізілді. Павлодар қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Зәуреш Қалиеваның айтуынша, аз қаматамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндерін тегін тамақтанумен қамту мақсатында облыстық бюджеттен 129 млн теңге бөлінген.

«Аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылар үшін тамақтану бойынша 100%-дық жеңілдік қарастырылған. Бүгінде облыс орталығындағы мемлекеттік балабақшаларда аз қамтылған отбасылардың 510 және көпбалалы отбасылардың 650 баласы тәрбие мен білім алып жатыр. Қазіргі уақытта ата-аналарға тиісті хабарламалар таратылып, енді құжаттарды жинастырып жатырмыз. Екі әлеуметтік санатқа жататындардың қатары артқан жағдайда оларды да тегін тамақпен қамтитын боламыз», - дейді Зәуреш Қалиева.

Айта кетейік, аймақта Nur Otan партиясының «Халыққа көмек» жобасы аясында «Бірыңғай әлеуметтік терезе» акциясы басталды. Қиын жағдайға тап болған немесе көпбалалы отбасыларға көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды. Сонымен қатар, көмекке зәру 756 отбасының әлеуметтік төлқұжаттары жасалды. Бұл жанұяларда 3254 бала трәбиеленіп жатыр. Көмекті қажет ететін 756 отбасының 400-ге жуығы атаулы әлеуметтік жәрдемақы алады. Ал өмірлік қиын жағдайға тап болған 398 отбасыда мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы 1710 бала бар.

Айта кетейік, қолдау шараларын жүзеге асыру мақсатында 406,6 млн теңге бағыттау жоспарланған.