"102"-ге сегіз рет қоңырау шалып хабарласа алмаған азамат ренішін білдірді

0
1 335

Көшеде ер адамды пышақтап жатқанын көрген өзге азамат оны қорғау үшін төбелеске араласқан, ал шақырылған полиция өте кешігіп жеткен


ERNUR.KZ. Орал қаласының тұрғыны "102" шұғыл көмек нөміріне сегіз рет хабарласса да, ешбір жауап ала алмаған деп жазады nur.kz.

Фархат Бөлекбаевтың айтуынша, ол "Орбита" кешенінің маңайынан жерде жатқан ер адамды көріп қалған. Осыдан кейін азамат полиция қызметкерлерін шақырып, оған көмектескісі келгенін айтады.

"Мен әлгі адамға жақындаған едім, ол қимылсыз жата берді. "102"-ге 22:49-дан бастап қоңырау шалып жатырмын. Ешкім жауап бермейді. Сосын жедел жәрдем шақырып, олар келген соң өзім үйге қайттым", - дейді ол.

Азамат "102" операторларының ұзақ уақыт жауап бермегеніне ашуланғанын айтады. Тіпті мұндай жағдайға алғаш рет тап болып тұрған жоқпын дейді ол.

"Өте қиын жағдайға тап болсам ше? Неге полиция қоңырауға жауап бермейді? Мен Астанадағы ІІМ сенім телефонына хабарласып, барлығын айтып бердім. Олар оператор жетіспегендіктен осылай болғанын айты, жағдайды ретке келтіруге уәде етті. Былтырғы жылы көшеде бір ер адамды пышақтап жатқанын көрдім. Мен оны қорғаймын деп, қарсыласымен өзім төбелесіп кеттім. Полицияға хабарласып шақырған едім, өте ұзақ уақыттан кейін бір-ақ келді", - дейді Фархат.

Ал полиция департаменті аталмыш жағдайға байланысты кешірек пікір білдіретіндерін жеткізді.