"11-22 наурыз күндері карантин болады": Министрлік WhatsApp-та тарап жатқан хабарламаға қатысты пікір білдірді

0
1 101

Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам тіркелмеді.


ERNUR.KZ. Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде 11-22 наурыз аралығында карантин жарияланғаны туралы ақпарат таратып жатыр, деп жазады тengrinews.kz.

"Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша карантинге байланысты 11-22 наурыз аралығы жұмыс күндері болып саналмайды", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің сөзінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Бұл - фейк. Елдегі жұмыс күндерін қамтуды үкімет шешеді", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам тіркелмеді.