11 адам қаза тапқан Қордайдағы жол апаты: Автобус жүргізушісі тұтқындалды

0
1 432

Қордайда орын алған жол апатынан 11 адам көз жұмып, 30 адам зардап шекті.


11 адам қаза тапқан Қордайдағы жол апаты: Автобус жүргізушісі тұтқындалды

ERNUR.KZ. Тәртіп сақшылары Қордайда жантүршігерлік жол апатына түскен автобустың жүргізушісін тұтқынады. Қайғылы оқиғадан 11 адам қаза тауып, 30-ға жуығы зардап шеккен деп жазады kaz.nur.kz

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 44 жастағы жүргізушіні 20 сәуір күні тұтқындаған. Оған екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан апатты жағдайда жол ережесін бұзды деген айып тағылып жатыр.

22 сәуір күні сот санкциясы бойынша азамат екі айға қамауға алынды. Toyota Camry көлігінің Mercedes жүк көлігімен соқтығысуы нәтижесінде 30 жастағы келіншек қаза тапты. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, Қордайда орын алған жол апатынан 11 адам көз жұмып, 30 адам зардап шекті.

Олардың қатарында қазақстандықтар ғана емес, Өзбекстан және Тәжікстан елінің азаматтары бар. Облыс әкімі Мырзахметов оқиғада зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеме жасаған.

Желіде оқиға орнында түсірілген суреттер пайда болды.