11 жастағы қазақстандық акробат әлем чемпионатында топ жарды

0
664

Ол 31.100 ұпай жинап, үздік атанды.


11 жастағы қазақстандық акробат әлем чемпионатында топ жарды

ERNUR.KZ. 11 жастағы қазақстандық спортшы Ислам Қабдоллов батуттық гимнастикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңді, деп жазады Tengrinews.kz

Жас топтары арасындағы турнир Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатыр. Қабдоллов 11-12 жас аралығындағы топта Қазақстан құрамасының намысын қорғады.

Ол 31.100 ұпай жинап, үздік атанды. Бір қызығы, жас спортшы 16 желтоқсанда - Қазақстанның Тәуелсіздік күні 12 жасқа толады