"1.1.20 деп толтырмаңыз". Заңгер биыл құжат толтыруда сақ болуға шақырды

0
811

Алаяқтар құжаттарға басқа цифрлар қосып, өзіне ыңғайлы уақытқа ауыстырып алуы мүмкін.


ERNUR.KZ. Жылдарды қысқартып жазу әдеті 2020 жылы қазақстандықтар үшін мәселе тудыруы мүмкін: алаяқтар "20" санына басқа цифрлар қосып 01.01.20 күнін 021.01.2019 не 01.01.2021 датасына өзгертіп жіберуі мүмкін. Мұндай әрекеттер неге әкеп соғуы мүмкін екенін заңгер Максим Мостович түсіндірді, деп жазады Тengrinews.kz.

Заңгердің сөзінше, кез келген қолжазба құжатын: түбіртек, арыз, шағым және есеп журналдарын жасап алуға болады. Алаяқтар құжаттарға басқа цифрлар қосып, өзіне ыңғайлы уақытқа ауыстырып алуы мүмкін. Кей жағдайларда мұндай өзгертулер мәселен сот қаралымдарында адам тағдырына әсер етеді.

"Егер сіз құжаттың әлдебір мәліметтер өзгергенін аңғарсаңыз, құжаттың түпнұсқалығын немесе жалған екенін анықтау үшін сот сараптамасын жүргізу туралы өтініш беру керек.

Алаяқтар сіздің құжаттарыңыздан сот процесінен тыс істеген болса, онда бірден полицияға қылмыстық іс қозғауға шағым түсіру керек. Сотқа дейінгі тергеу процесі аясында құқық қорғау өкілдері сараптама жүргізеді. Сөйтіп сот арқылы құжаттың жалған екенін дәлелдей аласыз", - дейді заңгер.

Маманның айтуынша, құжатты күнді толық жазып, оны бір оқып шығу керек. Бұл тек 2020 жылға қатысты емес. Мәселен, "1 қаңтар 2020 жыл (бірінші қаңтар, екі мың жиырмасыншы жыл)".

Максим Мостовичтің сөзінше, жалған құжат жасаған алаяқтарға көп мөлшерде айыппұл салынады - бес миллион теңгеге жуық. Ал ауырлататын мән-жайлар кезінде екі жылдан бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Маман көп жағдайда мәселе тек жалған құжат жасалуынан емес, сонымен қатар, келісімдерді түсінбеушіліктен сондай-ақ контрагенттің қате бағалануынан туындайтынын айтты.