116 шеге жұтқан ер адам аман қалды

0
1 356

43 жастағы Бхола Шанкардың асқазанынан 5 сантиметрлік 116 шеге шыққан


116 шеге жұтқан ер адам аман қалды

ERNUR.KZ. Үндістанның Бунди қаласында дәрігерлер науқастың асқазанынан жүзден аса шеге алып шықты, деп жазады stan.kz.

43 жастағы науқас Бхола Шанкар іші ауыратынын айтып, ауруханаға жеткізілді. Рентген түсірілімінде оның іші мен асқазанында әртүрлі заттар бары байқалады. Ер адамды отаға дайындады. Хирургтер асқазанынан 5 сантиметрлік 116 шеге алып шықты. Одан бөлек металл бөлшектер, сымдар алынды. Науқас мұндай заттардың асқазанында қайдан жүргенін түсіндіре алмады. Қазір жағдайы жақсы. Дәрігерлер темір заттардың науқастың ішкі мүшелерін зақымдамағанын айтады. Зақымдаған жағдайда науқас өліп кетуі мүмкін еді.

Інісі Шанкардың екі жылдан бері психикалық дәрі ішіп жүргенін айтты. Дәрігерлер науқасты шизофрениямен ауырады деп болжады.