​117 елдің астанасын жатқа білетін үш жасар бүлдіршін жұртты тәнті етті (видео)

0
1 731

Ал оған итермелеген шетелдерге көп саяхаттаған анасы болыпты.


​117 елдің астанасын жатқа білетін үш жасар бүлдіршін жұртты тәнті етті (видео)

ERNUR.KZ. 117 мемлекеттің астанасын жаттап алған үш жасар қазақстандық қыз Айару жұртты тамсандырды, деп жазады NUR.KZ.


Айару елдердің астаналарын жаздың соңында жаттай бастаған. Ал оған итермелеген шетелдерге көп саяхаттаған анасы болыпты. Университетті аяқтаған соң бойжеткен Англияда оқымақ болған екен. Алайда тұрмыс құрған соң бұл жоспарлары өзгеріп кеткен көрінеді.

Бүгінде отбасы шет мемлекеттерге бірге саяхаттайды.

Бүгінге дейін Айару Қырғызстан мен Түркияны тамашалап үлгерген. Енді бүлдіршін Диснейлендке барып, балетпен айналысқысы келеді екен. Ол анасымен бірге ағылшын тілін үйренумен қоса, жануарлар туралы да ізденеді.

Сондай-ақ, Айару өз руы мен тарихын, қазақ хандығын кім құрғанын және ұлы ақындар мен жазушыларды да таниды.

Бүлдіршін қазір Головкиннің жанкүйері.