1,2 миллион теңге пара алған: "Жас ұлан" қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
722

Күдіктілер қылмыс жасағандарын толық мойындаған.


1,2 миллион теңге пара алған:

ERNUR.KZ. Антикоррупция қызметі Алматыдағы "Жас ұлан" мектебінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.


Ведомство мәліметінше, "Жас ұлан" республикалық мектебінің лауазымды тұлғалары заңсыз ақша алды деген күдікке ілінді.

"Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі талапкерді оқуға қабылдау үшін 1,2 миллион теңге сомасында заңсыз ақша алды деген күдікпен Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы Республикалық "Жас ұлан" мектебінің лауазымды тұлғаларын әшкереледі", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

Күдіктілердің қылмыс жасағандарын толық мойындағаны айтылады.

"Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеу сатысында. Істің басқа мән-жайлы тергеу мүддесінде сәйкес жарияланбайды. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - деді Антикоррупция өкілі.