13 қала өз мәртебесінен айырылуы мүмкін

0
850

Қазіргі уақытта қалаларды ауыл сапына қосу бойынша белгілі бір тетік жоқ.


13 қала өз мәртебесінен айырылуы мүмкін

ERNUR.KZ. 13 шаһардан қала мәртебесі алынуы мүмкін. Басты себеп – халық санының аз болуы, ал қала атану үшін ондағы тұрғындар саны 10 мыңнан кем болмауы керек, деп жазады Atameken Business.

Алайда еліміздегі бірқатар қала осы талапқа бұрыннан бері сәйкес келмейді.

Дейтұрғанмен, қазіргі уақытта қалаларды ауыл сапына қосу бойынша да белгілі бір тетік жоқ. Ал осындай шағын қалардың тұрғындары ауыл мәртебесі оларға көптеген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге жол ашар еді дейді. Мәселен, Шал ақын ауданының әкімшілік орталығы қала мәртебесіне байланысты бірқатар мемлекеттік бағдарламалардан қағылған.