13 қалада жалдамалы пәтердің бағасы төмендеді

0
747

Ал Қонаев пен Таразда, керісінше, көтерілді.


13 қалада жалдамалы пәтердің бағасы төмендеді

ERNUR.KZ. Бір аптаның ішінде 13 қалада жалдамалы пәтердің бағасы төмендеді, деп жазады sputnik.kz.

Крыша.кз талдау қызметінің мәліметіне сәйкес, Ресеймен шекаралас аймақтарда жалдамалы пәтердің бағасы айтарлықтай түсті. Соның ішінде Петропавл (-15.2 процент), Қостанай (-10.5 процент) және Орал (-9.6 процент) бар.
Ал Қонаев пен Таразда, керісінше, көтерілді. Алматы облысының орталығында +25.0 процент, ал Жамбыл облысының орталығында 0.9 процентке өсті. Басқа қалаларда бағалардың төмендеуі байқалады. ·
Алматыда – 0.01 процент;
Астанада – 8.0 процент;
Ақтауда – 2.2 процент;
Ақтөбеде -7.0 процент;
Атырауда – 3.8 процент;
Қарағандыда – 6.0 процент;
Павлодарда – 5.4 процент;
Шымкентте – 1.2 процент;
Көкшетауда – 8.9 процент;
Түркістанда – 0.6 процент;