15 cәуірде қазақстандық телеарналарда жоспарлы алдын алу жұмысы жүргізілмейді

0
703

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет,


15 cәуірде қазақстандық телеарналарда жоспарлы алдын алу жұмысы жүргізілмейді

ERNUR.KZ. 15 cәуірде қазақстандық телеарналарда жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілмейді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша телерадиоарналарды ретрансляциялау сигналы уақытша тоқтатылмайтын болды.

«Жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік хабар тарату желілерінде техникалық құрылғылар қызметі жабылуына байланысты, 15 сәуірге межеленген тоқсандық жоспарлы алдын алу жұмыстары төтенше жағдай мерзімі аяқталғанша кейінге шегерілді. Айта кетейік, «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді» делінген хабарламада.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді.

Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.