"15 жаңа дерек": Қауіпті коронавирус жайлы не білу керек

0
990

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандары Пекин, Ухань, Шэньчжэнь және Гуанчжоу мен Чэнудуді аралай келе, коронавирусқа байланысты Қытайда қалыптасқан жағдайды зерттеп, жаңа деректерді анықтаған.


ERNUR.KZ. Әлемде пневмонияның жаңа түрі - коронавируспен күресу жалғасуда. Осыған байланысты, қазақстандық мамандар 3000-нан астам адамның өмірін алған инфекция жайлы 15 жаңа дерек ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитеті емі табылмаған вирус жайлы тың ақпаратпен бөлісті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандары Пекин, Ухань, Шэньчжэнь және Гуанчжоу мен Чэнудуді аралай келе, коронавирусқа байланысты Қытайда қалыптасқан жағдайды зерттеп, жаңа деректерді анықтаған.
1. Коронавирус науқаспен тығыз байланысқанда ғана жұғады. Сондықтан, көп жағдайда инфекция анықталған науқастың жанұя мүшелері де дертке шалдыққан.
2. Қазіргі уақытқа дейін клиникалардың 2055 медқызметкері вирус жұқтырған. Бірақ олардың көбі инфекцияны үйде немесе эпидемия басталған сәтте қабылдап алған. Ал ол уақытта алдын-ала сақтану шаралары қолданылған жоқ.
3. Науқастар орташа есеппен 14 күн бойы ауырған. Ал ауыр жағдайда мерзім 3-тен 6 аптаға дейін созылған.
4. Соңғы ақпараттарға сәйкес, Хубэй провинциясында коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асқан. Оларға көмек көрсету үшін 40 мың медицина қызметкері жіберілген.
5. Қазіргі уақытта кеселді жаңа жұқтырған науқастарды 45 клиника қабылдайды. Олардың алтауында жағдайы аса ауыр адамдар емделіп жатыр. Ал қалғандарында жағдайы ауыр және жасы 65 жастан асқан адамдар ем қабылдауда.
6. Қытайда апта сайын коронавирус диагностикасы үшін 1,6 млн жиынтық әзірленуде. Аталған тест ауруды бір күн ішінде анықтауға мүмкіндік береді.
7. Мамандар ақпарынша, адамның ауру жұқтырғанын алғашқы күні-ақ білуге болады. Себебі, қауіпті дерт белгілері бірден көріне бастайды. Ал кеселдің ешқандай белгісіз өрбуі-сирек кездесетін жағдай.
8. Коронавирус белгілеріне дене қызуы, жөтел, қақырық бөліну, ентігу және бас пен бұлшық еттің ауыруы жатады. Одан бөлек, тамақтың ауыруы мен қалтырау, жүрек айну мен диарея да - өлімге әкеп соғатын дерт белгілері. Ал жеңіл тұмау - ауру нышаны емес.
9. Бүгінде жаңа вирустың өлім пайызы 3,4 % болып отыр. Көбіне коронавирус құрбанына денсаулығында ақауы бар адамдар айналған. Мәселен, қайтыс болғандар арасында қан қысымы және қандағы қант мөлшері жоғары адамдар, сондай-ақ, жүрек-қан тамырлары аурулары мен респираторлық сырқаттардан зардап шегіп жүргендер де бар.
10. Қытайлық мамандар қауіпті дертті жеңу үшін емдеудің түрлі тәсілдерін тексеріп көрді. Бүгінде олардың ішінде ең тиімді түрін өндірісте қолдану арқасында өлім деңгейі төмендеп келеді.
11. Коронавирусты 40 жастан асқандар көп жұқтырған. Ал жастарда инфекция қабылдау ықтималдығы төмен.
12. Мамандардың дерегінше, науқастар арасында еркектер мен әйелдердің үлесі тең деуге болады. Бірақ қауіпті вируста құрбанына ер-азаматтар көп айналады. Ал вирус жұқтырған жүкті келіншектер дүниеге дені сау сәби әкеледі.
13. Мамандар әлі де ауру адамдарға жануарлардан жұқты деген нұсқаны ұстанып отыр. Себебі, ол генетикалық тұрғыда жарғанат мен панголинде тіркелген коронавирусқа ұқсайды. Алдын-ала болжам бойынша, инфекция мутацияға ұшыраған.
14. Қаңтар айының соңында вирус жұқтырғандар саны азайып бара жатқаны белгілі болды. Оған дейін күнделікті орташа есепте 3000 жағдай тіркеліп отырған еді. Бүгінде аталған көрсеткіш 329 адамды құрап отыр.
15. Қытайда тараған коронавируспен күресу шараларына сәйкес, мамандардың науқастар арасында сауалнама жүргізіп, олардың соңғы уақытта кіммен байланысқанын анықтады. Артынша аты аталған азаматтардың барлығы тексерістен өтті.