-18 градус: Қазақстанда күн күрт суытады

0
1 152

Алдағы үш күнде республиканың барлық дерлік өңірінде ауа температурасы төмендейді.


-18 градус: Қазақстанда күн күрт суытады

"Қазгидромет" орталығы 14-16 қараша күндеріндегі ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде республиканың барлық дерлік өңірінде ауа температурасы төмендейді.

Елдің басым бөлігінің ауа райына ылғал қоры мол циклон әсер етеді. Жауын-шашын түседі, көбінесе қар жауады, жел күшейеді, солтүстік облыстарда бұрқасындатады.

Республиканың батысына суық солтүстік-батыс антициклоны ығысып, соның әсерінен 15 қарашадан бастап жауын-шашын тоқтайды деп болжанып отыр.


"Түнгі уақытта еліміздің басым бөлігінде -10-18 градусқа дейін аяз болса, оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста және шығыста ауа температурасы -2-13 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.


Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстікте көктайғақ күтіледі.