2 млрд түп ағаш отырғызу: тұрғындар ескертулер мен ұсыныстар жасай алады

0
509

2 млрд түп ағаш отырғызу интеравтикті карта арқылы бақыланады.


2 млрд түп ағаш отырғызу: тұрғындар ескертулер мен ұсыныстар жасай алады

2 миллиард ағаш отырғызу мақсатында жасалып жатқан жұмысты бақылау үшін «интерактивті карта» әзірленуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2 млрд ағаш отырғызуды қамтамасыз етуді және осы жұмыстардың орындалу барысын бақылау үшін интерактивті карта әзірлеуді тапсырған еді.

«Жоғарыда көрсетілген тапсырманы іске асыру мақсатында Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЭГТРМ) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы мәселені пысықтады. «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК тапсырысы бойынша 2 млрд ағаш отырғызу жұмыс барысын мониторингтеу үшін интерактивті картасын әзірлеуде. Жерді қашықтықтан зондтау негізіндегі интерактивті карта халыққа мобильді нұсқада да қолжетімді болады деп жоспарлануда. Барлық мүдделі тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және еліміздің әрбір азаматы осы жұмысты қадағалап, өз ұсыныстары мен ескертулерін уәкілетті органға жолдай алады», - делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін 2 млрд түп ағаш отырғызу интеравтикті карта арқылы бақыланатыны туралы айтылған.