2 жасар қыздың өліміне шұжықтың қатысы болмай шықты

0
1 344

Ақмола облысында шұжықтан қайтыс болғды делінген бүлдіршіннен «Ботулизм» диагнозы анықталған жоқ.


2 жасар қыздың өліміне шұжықтың қатысы болмай шықты

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 2 жасар қыздың өліміне шұжықтың қатысы болмай шықты, деп жазады Stan.kz.

Ақмола облысы бойынша қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мәліметінше, бүлдіршінге «гастроэнтероколит типті ас токсинді жұқпасы» диагнозы, «токсинді шок, мидың және өкпенің ісінуі, асқынған жүрек қан тамырларының жетіспеушілігі» жалғаспалы диагнозы қойылған. «Орташа деңгейдегі өкпенің оң жақ үстіңгі бөлігі қабынған». Сараптамаға сәйкес сауда үйінен сатып алынған шұжықтың нормативтеге сай екенін анықталды. Қызметкерлерден ішек таяқшасы табылған жоқ.

Тәуелсіз сарапшылар осындай қорытынды шығарды. Мамандар 5 жасқа дейінгі балаларды (Е) қоспалары бар тағамдарды, фастфудтарды, консерві өнімдерін, өңделмеген, құрамында қант жəне тұздары көп тағамдарды жегізбеуге кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында екі жасар қыздың шұжықтан уланып көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.