20 жастағы жігіт Ақтөбеден Алматыға пойыздың төбесіне мініп жетпек болды

0
338

Ақтөбе тұрғыны пойыз төбесіне шығып алып, Алматыға жетпек болған.


20 жастағы жігіт Ақтөбеден Алматыға пойыздың төбесіне мініп жетпек болды

ERNUR.KZ. Полицейлер жолаушыны көліктен түсіріп алды, деп жазады Stan.kz.

ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова келеңсіз жағдай 21 қыркүйекте болғанын мәлімдеді.

"Ішімдік ішкен 20 жастағы ақтөбелік пойыз төбесіне шығып кеткен. Пойыз Ақтөбеден Алматыға бет алған болатын", - деді көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев.

Оның айтуынша, жігіт пойызға билетсіз отырмақ болған. Ойы іске аспаған соң төбеге шығып кетті. Ол жерден көлік полициясы қызметкерлері түсіріп алды.

"Ұсталған адам әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша "Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін бұзу", "Теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзу", "Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орынға масаң күйде келу бойынша жауапқа тартылады", - дейді полиция генерал-майоры.

Бекиев ұсталған жігіт бұған дейін де қоғамдық орынға масаң күйде келгені және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.