2017 жылы 1 млрд. теңге айыппұл өндірілді

0
1 364

2017 жылы ел аумағындағы көлік-тасымал саласындағы салынған айыппұл сомасы 1,009 млрд. теңгені құрады. Яғни, бір жылда 4%-ға өскен. Бұл туралы 2017 жылдың қорытындысы бойынша ҚР ИДМ Көлік комитетінің алқа отырысында айтылды.

Көлік комитетінің аумақтық органдарының жұмыс қорытындылары бойынша 193 мыңнан астам ауыр жүк көлігі (2016 жылмен салыстырғанда 9 %-ға артық); 15 мыңнан астам теміржол жылжымалы құрамы (2016 жылдың көрсеткішінен 3 есе артық); 875 жолаушылар пойызы (былтырғы көрсеткіштен 3,5 есе артық) тексерілді. Анықталған заң бұзушылықтар саны 2016 жылмен салыстырғанда 28%-ға өскен (92 254 және 127 252 сәйкесінше).

дереккөз: mid.gov.kz