2018 жылдан бастап Қазақстан электронды виза бере бастайды

0
1 110

СІМ өкілінің айтуынша, бастапқыда жоба кейбір мемлекеттер үшін пилоттық режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұндай виза түрі қай мемлекеттерге берілетіні анықталған.


2018 жылдан бастап Қазақстан электронды виза бере бастайды

иллюстрациялық фото: visa-exp.com

Сыртқы істер министрі бірінші орынбасары Мұхтар Тлеуберді 2018 жылдан бастап Қазақстанның электронды виза бере бастайтынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

СІМ өкілінің айтуынша, бастапқыда жоба кейбір мемлекеттер үшін пилоттық режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұндай виза түрі қай мемлекеттерге берілетіні анықталған.

«Әкімшілігі ҰҚК болып саналатын «Бүркіт» жүйесін дамыта түсу қажет. Сома белгіленіп қойды. ҰҚК өзінің жүйесін ретке келтіру үшін мемлекеттік бюджеттік комиссия соманы бекітіп қойды. Сол себепті осы жылдан бастап электронды виза бере бастаймыз», - деді министрдің орынбасары.

Мұхтар Тлеуберді электронды виза «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында енгізілгенін айтып өтті.