2018 жылғы гранттарды бөлу нәтижесін қашан және қайдан білуге болады?

0
1 680

Қазақстанда білім гранттарын бөлу қорытындысы 6 тамыз күні сағат таңғы онда белгілі болады.


2018 жылғы гранттарды бөлу нәтижесін қашан және қайдан білуге болады?

ERNUR.KZ.Қазақстанда білім гранттарын бөлу қорытындысы 6 тамыз күні сағат таңғы онда белгілі болады, деп жазады sputniknews.kz.

Қазақстан білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтады.

"Отырыстар қорытындысы бойынша білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10.00-де жарияланады", - деп жазылған хабарламада.

Грант иегерлерінің тізімі төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді болады: egemen.kz, kazpravda.kz, testcenter.kz, @testcenterBot телеграм бот.

Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл электронды түрде жарияланады.

Биыл 53 594 грант бакалавриатқа, 12 504 — магистратураға, 2240 —PhD докторларын дайындауға бөлінді. Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтарға үлестіріледі.