2019-2020 оқу жылындағы оқушылардың демалыс күндері белгілі болды

0
11 634

Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінен 2020 жылдың 25 мамырына дейін созылады.


2019-2020 оқу жылындағы оқушылардың демалыс күндері белгілі болды

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі жаңа оқу жылында оқушылардың қалай демалатынын хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.

Министрліктің 2019 жылғы 29 шілдедегі бұйрығына сүйенсек, келесі мерзімдер бекітілген:

  • 2019-2020 оқу жылының басы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі;
  • бірінші сыныптар үшін оқу жылы 33 оқу аптасынан тұрса, 2-11(12)-сыныптар үшін – 34 оқу аптасынан;
  • күзгі демалыс 28 қазаннан 4 қарашаға дейін (7 күн);
  • қысқы демалыс – 30 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін (10 күн);
  • көктемгі демалыс – 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн).

Бірінші сыныптар қосымша 3 ақпан мен 9 ақпан аралығында демалады (7 күн).

Оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Еске сала кетсек, астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтті. Президент мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жылда екі есе өсіруді тапсырды.