2019 жылы Қазақстанда ең көп сатылған көліктер

0
2 354

Жергілікті өндірістегі автомобильдерді сатып алуға тұрғындар 15,8 млрд теңге жұмсады.


2019 жылы Қазақстанда ең көп сатылған  көліктер

ERNUR.KZ. 2019 жылдың қаңтарында Қазақстанда 3 227 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар, деп жазады ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап.

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 21 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 52,3 пайызға өсіп, 3 109-ға жетті. Қаңтарда отандық автозауыттар 2 389 көлікті өткізіп, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 79,4 пайызға жоғары болды. Жергілікті өндірістегі автомобильдерді сатып алуға тұрғындар 15,8 млрд теңге жұмсады.

Аталған мерзімде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (1 013 көлік), Hyundai (790), KIA (320), Chevrolet (71) және Skoda (47) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (17) и Peugeot (2) бар екенін атап өткен жөн. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018 жылы Қазақстанда 32 298 автокөлік шығарылды.