2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен ҰК жұмысшыларының саны қысқарады

0
1 213

2024 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардағы жұмысшылар саны 25 пайызға қысқарады.


2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен ҰК жұмысшыларының саны қысқарады

ERNUR.KZ. Мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардағы жұмысшылардың санын қысқарту арқылы олардың жалақысын көтеруге болады, деп жазады 24.kz.

Бұл – экономика, ғылымдарының докторы, профессор Бораш Мырзалиевтің пікірі. Ғалымның айтуынша, қысқартудың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын тиімді ету. Сол арқылы бюджетті үнемдеп, қызметкерлердің еңбекақысын көтеру.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында тиімсіз кадрларды қысқартып, одан үнемделген қаржыны пайдалы қызметкерлерді материалдық тұрғыдан ынталандыруға бағыттау керек деген болатын. Қысқарту осы жылдан басталады.

2024 жылға дейін мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардағы жұмысшылар саны 25 пайызға қысқарады.

"Мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін көтеруде, ең бірінші мәселе – халықпен жұмыс істесе білу. Халықтың бір бөлігі мемлекеттік қызметшілердің қызметіне көңілі толмайды. Мемлекеттік қызметшілердің халықтың әлеуметтік жағдайын көтерудегі қарым-қатынасын айта беру керек. Өйткені кез келген мем қызметші халықтың өкілімен сөйлесе алмаса, көңілінен шықпайтын болса, ондай мемқызметшіден келешекте басшы шығуы мүмкін емес" -дейді экономика ғылымдарының докторы, профессор Бораш Мырзалиев.