2020 жылы 200 теңгелік тиын айналымға шығады

0
1 958

200 теңгелік монетаны шығару туралы шешім төмен номиналдардың қолданылу мерзімін ұлғайту мақсатында қабылданған.


2020 жылы 200 теңгелік тиын айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылы номиналы 200 теңгелік монетаны айналысқа шығарады, деп жазады ERNUR.KZ Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің таратқан хабарламаға қарағанда, қаржы реттеушісінің маңызды міндеттерінің бірі - қолма-қол ақша айналысында жүрген қолма-қол ақшаның сапасын қамтамасыз ету. Бұл банкнотты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, оның санитарлық қауіпсіздігі және қорғалу мәселесі.

"Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Салыстыру үшін, жоғары номиналдағы банкноттар және монеталардың қолданылу мерзімі көбірек. Монеталардың қолданылу мерзімі - 10-15 жыл", - деді Қолма-қол ақша айналысы департаменті басшысы Жомарт Қажмұратов.

Қолма-қол ақша айналысын тиімді ұйымдастыру және төмен номиналдардың қолданылу мерзімін ұлғайту мақсатында, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік айналыстағы монетаны шығару туралы шешім қабылдады.

"Номиналы 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті. Олар табиғи тозуына қарай айналымнан алынатын болады", - деді Ұлттық банктің өкілі.

Номиналы 200 теңгелік айналыстағы монеталарды айналысқа шығарудың жоспарланып отырған көлемі айналыстағы монеталардың жалпы сомасының 26%-ына тең екен.