2020 жылы бірінші рет Байқоңырдан жасанды Жер серіктері ұшырылды

0
2 382

OneWeb - Ұлыбританияның жедел интернет жүйесімен қамтамасыз ету үшін жасап шығарған жобасы болып табылады.


2020 жылы бірінші рет Байқоңырдан жасанды Жер серіктері ұшырылды

ERNUR.KZ. Британдық OneWeb жобасының аясында 34 жасанды Жер серігі ресейлік зымыран "Союз-2.1б" көмегімен орбитаға ұшырылды, деп жазады Stan.kz.

Жасанды Жер серігі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 3:42-де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған. "Союз-2.1б" зымыраны бір топ жасанды серікті суборбиталық траекторияға шығарды. Олар орбитаға 450 километр шақырым биіктікке ұшырылған. Алдағы уақытта жасанды Жер серіктері бір-бірінен алшақтатылатын болады.

OneWeb - Ұлыбританияның жедел интернет жүйесімен қамтамасыз ету үшін жасап шығарған жобасы болып табылады. Әлем халқы ұшқыр интернетке қол жеткізуі үшін британдықтар 2 мыңнан астам жасанды Жер серіктерін құрастырып шығарған. 2021 жылға дейін 650 жасанды серік, 2026 жылға құрастырылған аппараттардың барлығы іске қосылады деп жоспарлануда. Олар Байқоңыр, Шығыс және Куру ғарыш айлақтарынан әуеге жіберіледі.