2020 жылы Ораза мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды

0
2 214

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер күнтізбесін бекітті.


2020 жылы Ораза мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Келесі жылы қасиетті Рамазан айы 25 сәуірде басталады, ал Құрбан айттың бірінші күні 31 шілдеге түсіп тұр, деп жазады sputniknews.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер кестесін жариялады.

Келер жылы қасиетті Рамазан айы 25 сәуірге сәйкес келіп тұр. 20 мамырдан 21 мамырға қараған түні барша мұсылман Қадір түнін қарсы алады.

Ал Ораза айт 24 мамырда, Құрбан айт 31 шілдеде басталады.

2020 жылдың діни күндер кестесі

Ескерту:

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Алайда, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.