2021-2023 жылдары аралығында елімізде бензин мен дизельдік отын тапшылығы болуы мүмкін

0
1 603

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2021-2023 жылдары аралығында елімізде бензин мен дизельдік отын тапшылығы болуы мүмкін екенін мәлімдеді.


2021-2023 жылдары аралығында елімізде бензин мен дизельдік отын тапшылығы болуы мүмкін

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2021-2023 жылдары аралығында елімізде бензин мен дизельдік отын тапшылығы болуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .

"Бірінші, төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы бойынша. Халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бұрын құрылған жұмыс тобы мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыруынан кейінгі автобензин, дизельдік отын және әуе керосині өндірісі және тұтынуының болжамды балансының толық талдауын жасады. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша МӨЗ-дің жаңғыруынан кейін жанар-жағармай өндірісінің ұлғаюы, ішкі нарықты толығымен қамтуы тек орта мерзімге ғана жетпек. Болжамды тұтынушылық өсімді есепке алғанда, автобензин тапшылығы 2021-2023 жылдары, дизельзік отын 2023, әуе керосині тапшылығы 2026 жылдан кейін пайда болуы мүмкін", — деді министр.

Бозымбаевтың айтуынша, жаңа мұнай өңдеу зауытын салу бойынша жаңа жұмыс тобы құрылып жатыр.

"Келесі кезеңде жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы мен қаржыландыру нұсқалары, мерзімі, потенциалды инвесторлармен келіссөздер жүргізу бойынша жаңа жұмыс тобы құрылуда. Жұмыс тобы тиісті жол картасын әзірлейді. Оны біз осы бейсенбі, 15 ақпанда ведомстволық комиссияның отырысында бекітуге ұсынамыз", — деді ведомство басшысы.