​2021 жылға дейін еліміздің барлық аймағы 5G интернетке қосылады

0
1 007

Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан ғаламтор индустриясына арналған IOT форумы кезінде айтылды


​2021 жылға дейін еліміздің барлық аймағы 5G интернетке қосылады

ERNUR.KZ. Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан ғаламтор индустриясына арналған IOT форумы кезінде айтылды, деп жазады 24.kz

- Келер жылдан бастап Алматы облысы мен қаласы және Ақмола облысы мен Астана 5G интернетпен қамтылады. Пилоттық жоба кейіннен еліміздің өзге де аймақтарына кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Бұл жұмыс 2021 жылы аяқталуы тиіс. Егер көздеген меже іске асса, елімізде интернеттің сапасы әлдеқайда жақсара түседі. Бұл ретте iot яғни интернет тарату өнімдерін дамыту еліміз үшін өте маңызды. Бүгінгі форумда осы мәселе жан-жақты талқыланып жатыр. Сала мамандарының айтуынша, бүгінде Қазақстанда 25 млн iot жүйесіне қосылған. 2025 жылы бұл көрсеткіш 4 есе артып, 100 млн жетуі тиіс.

- Осы ретте саланы әрмен қарай дамытуға бағытталған шетелдік сарапшылардың пікірімен бөліссеңіз.

- Форум аясында белді сала мамандары өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынды. Мәселен, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Томас Хельм елімде 4-өнеркәсіптік революцияны іске асыру үшін алдымен білімді дамыту керек деп санайды. Ол үшін жоғарғы оқу орындары өндіріспен байланыс орнатып, сала мамандарын бірлесіп дайындау керек. Ал Германиядан келген сарапшы Бурхард Шилл өз елінің тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша бүгінде Германияда цифрландыру мен индустрия 4:0 жобасын енгізуге жауапты 20 аймақтық орталықтар жұмыс істейді. Олар осы саладағы соңғы жетістіктерді зерттеп, қолданысқа енгізеді.