2022 жылы 35 мыңға жуық ер бала әскер қатарына қабылданған

0
486

Қарулы күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы әскерге шақыру міндеттері орындалғанын және шақыру науқаны ұйымдасқан түрде өткенін алға тартты.


2022 жылы 35 мыңға жуық ер бала әскер қатарына қабылданған

ERNUR.KZ. Қазақстанда өткен жылы 35 мыңға жуық ер бала әскерге аттанған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінде өткен кеңесте айтылды, деп жазады exk.kz.

Қарулы күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы әскерге шақыру міндеттері орындалғанын және шақыру науқаны ұйымдасқан түрде өткенін алға тартты. Өткен жылы 35 мыңға жуық жас Қарулы күштер, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің қатарын толықтырған. Қазір олар әскери істің қыр-сырын үйреніп, Отан алдында борышын лайықты атқарып жүр.

"Жыл сайын Отан алдында өздерінің конституциялық міндеттерін орындайтын мыңдаған бозбала әскерге шақыру комиссияларынан өтеді. Ал әскери есепке алу процестерін цифрландыру, Қорғаныс министрлігінің eGov.kz платформасы арқылы қызметтер көрсетуі шақыру науқаны барысында артық бюрократияны, қағазбастылықты қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді", — деді генерал-лейтенант Марат Құсайынов.

Одан өзге кеңес барысында жастардың әскери борышын өтеуге ынтасын арттыру шаралары қабылданғаны туралы айтылды. Қорғаныс министрі 40-тан астам жоғары оқу орындарының ректорларымен келісім жасасқан.

Білім ордалары 2023 жылдан бастап мерзімді әскери қызмет өткергендерге ҰБТ нәтижелерін есепке алмай, оқуға түсу құқығын беруге әзір. Ал қызмет барысында ерекше көзге түскендерге оқу орны есебінен гранттар беруге дайын.