2023 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

0
1 502

2023 жылы Ораза қашан басталатыны белгілі болды.


2023 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған сәйкес, қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.
Ал Ораза айт – 21 сәуір.
Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға келеді.
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.
Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.