21 250 теңге автоматты түрде аударылады - Еңбек министрлігі

0
888

​Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылады.


21 250 теңге автоматты түрде аударылады - Еңбек министрлігі

ERNUR.KZ. Осыған байланысты Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға бір жолғы төлем алушыларға төленетін 42500 теңгеге қосымша 0,5 ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) автоматты түрде аударылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Карантин ұзартылғаннан кейін МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы шілдеде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысын толық жоғалтқан жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген төлемге азаматтардың келесі санаттары үміткер бола алады:

1) мемлекеттік заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінен басқа), сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100% мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың қызметкерлерін қоспағанда, жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлер;

2) жеке кәсіпкерлер;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша азаматтардан МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға 2,3 млн-нан астам өтініш қабылданған. Төлем 2 млн 80 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 58 мың қазақстандыққа аударылды.