26 адам ұсталды - ІІМ рұқсат етілмеген митингілер туралы

0
950

Прокуратура 26 қазанда заңсыз митингіге шыққандарға қатаң шара қолданылатынын ескерткен.


26 адам ұсталды - ІІМ рұқсат етілмеген митингілер туралы

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі 26 қазанда Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митинг өткізу әрекеті туралы айтты, - деп жазады tengrinews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Бас прокуратураның митингілердің заңсыздығы туралы бірнеше рет айтқан ескертулеріне қарамастан, кей адамдар заңды талаптарды орындаудан бас тартты.

"Қазіргі таңда полицияға жағдайды анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін 26 адам жеткізілді. ІІМ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында азаматтарды арандатушыларға ермеуге және экстремистік ұйымдардың заңсыз акцияларына қатысудан бас тартуға шақырады", - деп мәлімдеді министрліктегілер.

Алматы:

Нұр -Сұлтан:


Мұның алдында прокуратура 26 қазанда заңсыз митингіге шыққандарға қатаң шара қолданылатынын ескерткен.