​288 орындық жатақхана құрылысына өңір бюджетінен 2 млрд теңге бөлінетін болды

0
1 115

Гүлшара Әбдіхалықова бастаған Үкімет мүшелері Алматы облысындағы іссапарының екінші күнінде Студенттер үйінің құрылысымен танысты.


​288 орындық жатақхана құрылысына өңір бюджетінен 2 млрд теңге бөлінетін болды

ERNUR.KZ. Қазан айында Талдықорғанда 288 орындық жатақхана пайдалануға беріледі. Ғимаратты салуға өңір бюджетінен 2 млрд теңге бөлінген, деп жазады 24.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған Үкімет мүшелері Алматы облысындағы іссапарының екінші күнінде Студенттер үйінің құрылысымен танысты. Балалар хирургиялық орталығын аралады. Жыл басынан бері онда 400-ге жуық күрделі операция жасалған. Жұмыс тобы еліміздегі ең ірі өндіріс орнында да болды. Электр станцияларын шығаратын зауытта қоғамдық ұйым өкілдері, кәсіпорын басшыларымен жүздесті. Басқосуда кәсіпкерлердің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіне баса назар аударылды. Әсіресе, көп балалы отбасыларға қарайласу қажеттігі айтылды. Өңірдегі 43 кәсіпорында 740 көп балалы ана жұмыс істейді. Солардың 500-ден астамын баспанамен қамту керек. Осы орайда жаны жомарт қайырымды жандардың тәжірибесі үлгі ретінде айтылды. Облыста өндірілген өнім көлемінің артатындығы да сөз болды.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

- Алматы облысы баяғыдан аграрлы аймақ болып есептелетін, енді аграрлы индустриалды өңір болды. Өткен жылы 880 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, биыл 1 трлн теңгенің тауары шығарылады деп жоспарлап, 25 мың адамды жұмыспен қамтимыз.