2ГИС компаниясы қосымшаның App Store-дан жойылғаны туралы пікір білдірді

0
655

Компания мәселені шешудің жолын табуға уәде берді.


2ГИС компаниясы қосымшаның App Store-дан жойылғаны туралы пікір білдірді

ERNUR.KZ. 2ГИС компаниясы қосымшаның App Store-дан жойылғаны туралы пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

"2ГИС AppStore-дан өшірілді, бірақ орнатылған қосымшалар сол қалпында жұмысын жалғастырады-деректер күн сайын жаңартылады, бұрынғыдай қосымшадан кез келген қаланы жүктеуге болады. 2ГИС-ті Google Play-ден жүктей аласыздар. iPhone иелеріне арналған негізгі кеңес - бұрын орнатылған 2ГИС қолданбасын өшірмеу. Телефоныңызды ауыстырған болсаңыз, онда 2gis.ru сайтын пайдаланыңыз, жұмыс үстеліне 2ГИС белгішесін орнатыңыз", - деді компанияның баспасөз қызметі.
Компания мәселені шешудің жолын табуға уәде берді және пайдаланушылардан 2ГИС жүйесіне кез келген жолмен тіркелуді сұрады.
Бұған дейін БАҚ App Store-дан 2ГИС-тің жойылғаны туралы хабарлаған болатын.