«3 сағат бойы қорлаған»: 15 жастағы нұрсұлтандық қызды ұрып, зорламақ болған

0
1 401

Барлығы бейнебақылау камерасына жазылып қалған.


«3 сағат бойы қорлаған»: 15 жастағы нұрсұлтандық қызды ұрып, зорламақ болған

ERNUR.KZ. 15 жастағы қызды 20-дағы жігіт әбден қорлап, зорламақ болған, деп жазады sn.kz.

«Менің қызымды бір бұзақы зорламақ болды. Жасы – 20-да. Қызымды әбден сабаған. 3 сағат бойы қорлаған. Аулаға сүйреп әкеп, зорламақ болған. Әрең дегенде қашып құтылған. Қайта бейнебақылау камерасына бәрі жазылып қалған. Полицияға шағым түсірдім. Бірақ әлі таппай жатыр. Құдды жер астына түсіп кеткендей», – деп жазады қыз баланың анасы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары қыздың анасын қолдап, оны қылмыскердің жақын арада табылатынына сендіріп жатыр.

Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.