32 студент Гонконгте қалуды ұйғарды

0
790

203 студент Қазақстанға қайтты.


32 студент Гонконгте қалуды ұйғарды

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Гонконгтегі отандастарымыз жайлы ақпарат берді, деп жазады inbusiness.kz.

«Өздерін қауіпсіз жердеміз деп есептеген 32 студент сол елде қалуды ұйғарды. Алайда біз оларға келесі жылдың қаңтар айына дейін оқу онлайн түрде жүргізілетінін ескертеміз. Барлық студенттермен байланыстамыз. Біздің бас елшілігіміз Гонконгтегі қазақстандық студенттер қауымдастығымен бірлесе отырып, барлығымен хабарласып шықты»,– деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі ереуілдерге қарамастан, Гонконгте төтенше жағдай жарияланбағанын айтты.

«Бұл барлығы бұрынғыша өмір сүріп жатқан кәдімгі қала, тек кейбір аудандарда наразылық акциялары өтіп жатыр. Сондықтан үндеу тек студенттерге ғана жолданды. Себебі оқу келесі жылдың қаңтарына дейін тоқтатылды. Ал өзге азаматтардың Гонконгте тұра беруіне болады. Дегенмен қолайсыз жағдайларға тап болмау үшін, әрине, қауіпсіздік ережелерін сақтағандары абзал»,– деді Айбек Смадияров.