38 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап көз жұмды

0
1 506

Үйіне келіп қалған күйеуі әйелді құтқарып үлгермепті.


38 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап көз жұмды

ERNUR.KZ. Семейдегі көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды ktk.kz.

Көршілерінің айтуына қарағанда, бесінші қабатта тұратын әйел отбасымен бірге жақында ғана көшіп келген. Балконнан секірген әйелді куәгерлер көрген.

Кейбіреуінің айтуынша, сол уақытта үйіне келіп қалған күйеуі әйелді құтқарып үлгермепті. 38 жастағы әйел бесінші қабаттың балконынан құлап, көз жұмды. Оқиғаның анық -қанығын полиция анықтап жатыр.

«Төртінші қабаттың балконынан 38 жастағы әйел секіріп өлген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалуда. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – дейді ШҚО Полиция департаментіндегілер.