4 көлік соғысып адамдар зардап шекті

0
898

3 адам зардап шекті: Оралда 4 көлік соқтығысты


4 көлік соғысып адамдар зардап шекті

ERNUR.KZ. Оралда төрт автокөлік түйісіп, адамдар жарақаттанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін таңертең 2-база ауданындағы көпірде «Рено», «Ауди», «Мицубиси» және «Фольксваген» автокөліктері соқтығысты.

Салдарынан үш адам зардап шекті. Жол бойында көлік кептелісі туындады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 08.36-да түскен. 6 минуттан кейін бригада оқиға орнына жеткен. 1985 жылғы ер адам, 1984 және 1987 жылғы әйел адамдар облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәліметке қарағанда, олардың үшеуі де жабық бас-ми жарақатын алған. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.