«40 млрд теңге – 100 млн доллар деген сөз»: Қазақстан биыл қыруар қаржыға спутник құрастырмақшы

0
682

Мемлекеттік қаражат тек банктік жүйе арқылы ғана емес, жалпы, бюджеттік шығындар арқылы да босқа кетіп жатыр.


«40 млрд теңге – 100 млн доллар деген сөз»: Қазақстан биыл қыруар қаржыға спутник құрастырмақшы

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстан биыл KazSat-2R спутнигін құруды бастайтынын мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz.

Оның айтуынша, бүгінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқан көрінеді.,

«Біз бүгінде спутниктің бейнесіне сәйкес ТЭН-мен айналысудамыз. Содан кейін тиісті конкурстық рәсімдер өткізіледі. ТЭН құны шамамен 40 миллиард теңгені құрайды», – деді Асқар Жұмағалиев.

Сонымен, 40 миллиард теңге спутник үшін және ол жер серігі қалыпты, тұрақты жұмыс істеуі үшін қажет жердегі жүйелермен байланысты басқа да шығындарға жұмсалмақ. Сол сәтте, министр құжаттармен барлық жұмыс аяқталғанын, кейінірек конкурс жарияланатындығын, содан кейін барып бас мердігерді анықтайтындарын атап өтті.

Алайда, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан «мемлекеттік қаражат тек банктік жүйе арқылы ғана емес, жалпы, бюджеттік шығындар арқылы да босқа кетіп жатыр» деп есептейді. Оның айтуынша, мына жобаны мұқият тексеру керек.

«Бір-ақ қана спутник үшін тым көп ақша бөлініп жатқан жоқ па өзі? Жалпы, бұл спутниктің бізге қажеттілігі қанша? 40 млрд теңге – 100 млн доллар деген сөз» - дейді Мұқтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшаында.