40 жасқа дейінгі азаматтар әскери жиыннан өтеді

0
1 560

Оларға республикалық бюджет есебінен орташа айлықтық еңбекақы төленетін болады


40 жасқа дейінгі азаматтар әскери жиыннан өтеді

ERNUR.KZ. 40 жасқа дейінгі 1 500-ге жуық қазақстандық әскери міндетті екі апта бойы әскери бөлімдер мен мекемелерде қызмет өткеретін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, әскери бөлімдерде олар Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру үшін әскери білімді меңгеріп, жетілдіретін болады.

Сондай-ақ, жиын кезеңінде шақырылған әскери міндеттілердің әскери бөлімге дейін және кері қарай жолда болу кезіндегі уақытты қоса есептегенде, олардың жұмыс орны, атқаратын лауазымы сақталып, оларға республикалық бюджет есебінен орташа айлықтық еңбекақы төленетін болады. Жиынға шақырылған барлық әскери міндеттілер азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, жиын аяқталысымен олар жиынның оқу бағдарламасын игергенін, әскери-есепке алу мамандықтары мен лауазымдарға сай болуын растау үшін емтихан және сынақ тапсыратын болады. Жиын қатысушылары арасында офицерлер, сержанттар және запастағы әскери қызметшілер болады. Жиында қайта даярлау және әскери міндеттілердің әскери білімін жетілдіру өткізіледі.